“Қолшатыр”

“Қолшатыр” қолөнері күзгі тақырыпты бастайды. “Шуақ” шығармашылық студиясының кезекті сабағында қатысушылар қағаздан көлемді қолшатырлар жасады. Алдымен Энид Блайтонның «Зонтик волшебника» шығармасымен танысты.

Шерхан Мұртаза – 90 жыл

Биыл көрнекті қайраткер, Қазақстан журналистерінің бір емес, бірнеше ұрпағын тәрбиелеген ғажайып қаламгер Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы атап өтіледі.
Мазмұнды шығармашылық еңбегі және әдебиет саласындағы зор жетістіктері үшін көрнекті қазақстандық көптеген құрметті атақтар мен марапаттарға ие болды. Ол шығармашылықпен студент кезінен айналысты. Алғашқы еңбектері қазақ тіліне аударған Қ.Мұстайдың балаларға арналған «Біздің үйдің қуанышы» кітаптары, венгр халық ертегілері, Л.Лагиннің «Старик Хоттабыч» ертегісі, Х.К.Андерсеннің ғажайып ертегілері, Ш.Айтматовтың шығармалары болды. Жазушы роман, повесть, өлеңдер, әңгімелер, пьесалар жазды.
Оқырмандарды «Кемел ойлы, зерделі жазуы» атты кітап көрмесімен танысуға шақырамыз, онда жазушының шығармаларымен қатар, оның өмірі мен шығармашылығы туралы мерзімді басылымдар ұсынылған.ъ

«Тіл-қазына»

Қарағанды агротехникалық колледжінің ұйымдастыруымен ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Тіл-қазына» атты Zоом бағдарламасы арқылы дөңгелек үстел өткізілді. Осы шарада Абай атындағы балалар кітапханасының кітапханашысы П.Байболатова «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілтану ғылымының атасы» тақырыбында хабарлама даярлап, А. Байтұрсынұлының мұрасы бойынша шолу жасады.

Ашық есік күні

Абай атындағы балалар кітапханасының жыл сайын қыркүйек айында болатын тамаша дәстүрілерінің бірі – Ашық есік күнін өткізу. Бұл іс-шара кітапханаға жаңа оқырмандарын тарту және кітапханалық қызметтермен таныстыру мақсатында өтеді.
Бүгін кітапхана қонақтары мен оқырмандары жаңа кітап және авторлармен, кітап көрмелерімен танысып, «Объективті кітап» атты интерактив ойынына қатысты. Кітапханашылар оқушыларға оқу залдарын көрсетіп саяхат өткізіп, кітапхананың кітап қорымен таныстырып, оқырмандарды үйірмеге қатысуға шақырды.

«Тілің сенің тірегің»

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі 1998 жылдан бастап 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылы Үкіметтің «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылған. Атаулы датаның өзгеру себебі – Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Осы айтулы мереке орай кітапханада  атты әдеби жәрмеңкесі өткізілді.
Шараға №63 ЖББМ-тің 3-сынып оқушылары қатысты. Балалар әдеби викторинаға қатысып, қазақ тілі туралы тың, қызықты деректерді білді. Әлемнің әртүрлі тілдерінде «сәлемдесу» әнін айтып, қазақ тілі мен бірге басқа да тілдерді жақсы білетіндерін көрсетті.

Қазақстан халқы тілдері күні

2 қыркүйек күні Абай атындағы балалар кітапханасының кітапханашысы П.Байболатова Қарағанды облысының Статистика департаментінде А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай және Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған іс-шарада «А.Байтұрсынұлы – қазақ тілтану ғылымы» кітап көрмесіне шолу жасады. Шара барысында Статистика департамент мамандарының арасында «Тіл жанашыры» атты сайыс өткізілді.

 

«Көңілді ағылшын»

Жазғы демалыстан кейін «Көңілді ағылшын» үйірмесі өз жұмысын қайта жалғастырды!
«Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Үй жануарлары» тақырыбында өтті. Балалар «Мен кіммін?» қызықты ойынын ойнап, үй жануарлары бейнеленген суреттерді сөздермен сәйкестендіріп, ағылшын тіліндегі баламаларын жаттады.

Білім күні!

Күздің алғашқы күні – білім күні. Бұл күні барша оқушылар үш айлық демалысты аяқтап алтын ұя мектебіне, сағынысқан сыныптастары мен ұстаздарына асығады.
Кітапхана жас оқырмандарды және олардың ата-аналарын Білім күнімен құттықтай отырып, мереке күн ұзақ уақыт бойы есте қалуы үшін тақырыптық фотоаймақ дайындап өткізді.

ҚР Конституциясы күні

Абай атындағы балалар кітапханасында «Ата Заңым айбыным!» атты ҚР Конституциясы күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге Қазақ мемлекетінің қалыптасу кезеңдері туралы материалдар, Қазақстан тарихы және конституциялық құқықтың дамуы бойынша анықтамалық басылымдар, ғылыми-білім беру басылымдары, тарихи хроника, анықтамалық-иллюстрациялық құралдар, мерзімді басылымдардан мақалалар ұсынылды.
Сондай-ақ кітапхана оқырмандарына арналған викториналық-ойын өткізілді.

 

«Алматыкітап» баспасы

Біз өзіміздің оқырмандарды белгілі кітап баспаларымен таныстыруды жалғастырамыз.
Сонымен, кезекті баспа – «Алматыкітап» баспасы. 1999 жылдан бері баспа қызметімен айналысады, республикадағы және шетелдегі кеңінен танымал ірі баспа – кітап саудасы кәсіпорындарының бірі болып табылады.
Баспа тарапынан 3000 астам балалар кітабы, көркем, дамыту, танымдық және оқу әдебиеті, жалпы таралымы 40 млн данадан астам кітап жарыққа шықты, олардың кейбіреулері көптеген халықаралық жәрмеңкелердің көрмелерінде көрсетілді.
Кітапхананың кітап көрмесінде орта және жоғары мектеп жасындағы балаларға арналған ең қызықты басылымдар: энциклопедиялар, анықтамалықтар, З.Төреханның «Әмина Тұран көшпенділер елінде» қиял-ғажайып романы, қазақтың халық лиро-эпикалық поэмасы «Қыз Жібек» және т.б. әдебиеттер қойылған.
Келіңіздер! Оқыңыздар!