Жыл сайынғы республикалық әдеби акцияға…

2007 жылдан бастап жыл сайын елімізде «Бір ел – бір кітап = Одна страна – одна книга» республикалық әдеби акциясы өтеді.

Акцияны ҚР Кітапхана Қауымдастығы Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырады. Жыл сайын арнайы комиссия , қазақстандықтардың пікірін ескере отырып, жаппай оқуға ұсынылатын қандай да бір қазақстандық автордың бір кітабын таңдайды. Акцияның мақсаты өткен кезеңдер мен қазіргі заманғы Қазақстандық әдебиетті танымал ету, кітап оқуға кең көлемде оқырмандарды тарту, кітап мәдениетін қалыптастыру және зияткерлік өзара алмасуды дамыту, қазақстан тарихын, мәдениетін, дәстүрлерін, тілі мен тұрмысына деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Акция жобасын  әзірлеушілер терең философиялық идеяны – ұлттық бірлікті рухани қарым-қатынас арқылы, белгілі бір шығарманың идеяларына тарту арқылы енгізді. Осылайша, таңдалған кітап біздің бірлігіміздің мәдени символына айналады.

Алайда, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында комиссия акцияны өткізудің үйреншікті форматынан алыстау туралы шешім қабылдады.

Мерейтой күніне орай 30 басылым таңдалынды. Таңдалған кітаптар Қазақстанның әдеби палитрасының барлық байлығын көрсетеді. Еліміздің әдеби өмірінің үлкен тарихи, географиялық және жанрлық спектрі қамтылған. Таңдалған авторлардың арасында XIX -ХХ ғасырдың өкілдері (Ы. Алтынсарин), ақындары мен прозаиктері (М.Мақатаев, Ж. Нәжімеденов, Т. Жармағамбетов, Р. Отарбаев) бар. Сондай-ақ  бұл тізімнен өз кітаптарын жазуды және басып шығаруды жалғастырып келе жатқан біздің замандастарымыздың – қазақстандық авторлардың есімдерін көру ерекше қуантты. Олардың арасында оқырмандардың қызығушылығына ие болған (Т.Таңжарық) жас әдебиетшілер де бар.

Акция номинанттары арасында балалар жазушылары: Бердібек Соқпақбаев, Мәди Айымбетов, Марат Қабанбаев, Толымбек Әбдірайымов, Зира Наурызбаева және Лиля Калаустар да ерекшеленген.

Жыл басында біздің кітапханада ұйымдастырылған «Бір ел – бір кітап = Одна страна – одна книга», кітап көрмесінің арқасында біздің оқырмандар авторлармен және олардың шығармаларымен толығырақ таныса алады.

Көрме 5 бөлімнен тұрады: «Поэзия», «Проза», «Балалар әдебиеті», «Аударма» және «Драматургия». Кітапханашылар оқырмандарды республикалық комиссия ұсынып отырған шығармалармен ғана емес, сондай-ақ әрбір жеке әдебиетшінің шығармашылығын толық сипаттайтын таңдалған авторлардың басқа да шығармаларымен таныстыруға тырысты.

Барлық келеміндеушілерді көрмемізді тамашалауға шақырамыз!

акция
акция2

«Рухани жаңғыру – ұлт жаңғыруы»

Кітапхана пайдаланушылары үшін «Рухани жаңғыру – ұлт жаңғыруы»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде ұсынылған кітаптар мен журналдар біздің қазақстандық қоғамның рухани жаңару стратегиясын түсінуге, ой талқысынан өткізуге және оны қабылдауға көмектеседі.

Оқырмандар «Рухани жаңғыру» кітаптар сериясымен таныса алады.

Бұл серияның басылымдары арасында облыстық тарихи өлкетану мұражайының қалыптасу тарихы туралы әңгімелейтін «Музей және тарих» жинағы, «ХХІ ғасыр музейі: музейлерді дамытудың замануи үрдістері мен перспективалары» республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы бар.

«Сарыарқаның тарихи – мәдени мұрасы» ғылыми каталогы оқырмандарды Қарағанды облысы аумағында жылдар бойы жиналған мұражай артефакттарымен, сәндік – қолданбалы өнер заттарымен таныстырады.

«Туған жер – тұғырың» көркем фотоальбомы еліміздің ең тартымды жерлерін – ежелгі киелі ескерткіштерден бастап жас астананың заманауи сәулеттік ғимараттарына дейін кеңінен ашып көрсетеді.

Бұл кітап көрмесі еліміздің даму жолындағы жетістіктері жайында кітаптармен мерзімді басылымдардағы мақалалардан тұрады. Құрметті оқырмаңдар!

Барлықтарыңызды кітап көрмесімен танысуға шақырамыз!

1
3

«Сен – біздің бірінші оқырман»

Міне 2021 жыл да келді. Біздің кітапхана оқырмандарға есігін айқара ашып, жаңа жылдың ең алғашқы оқырмандарын қарсы алды. Кітап оқуға деген құмарлығымен 2021 жылда кітапханаға ең алғашқы болып келген балалар арнайы медальмен, жаңа жылдық естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Сен – біздің бірінші оқырман» атты дәстүрлі шараның қатысушылары:

  1. №93 гимназияның 3 «Б» сынып оқушысы Леонкова Алина
  2. №1015 Мәскеу мектебінің 2 сынып оқушысы Ампериади Демид
  3. №1015 Мәскеу мектебінің 3 сынып оқушысы Ампериади Эллада
  4. С. Сейфуллин атындағы №92 гимназияның 6 «А» сынып оқушысы Жанабекова Наймулуна
  5. Ақтас кентінің 4 сынып оқушысы Марат Кәусәр
  6. Топар кентінің 9 сынып оқушысы Өкіметхан Махаббат
  7. Мамандандырылған музыка мектеп-интернатының 7 “Б” сынып оқушысы Тұрсымбек Томирис
  8. Академик Е. А. Бөкетов атындағы №52 ЖББОМ 2 сынып оқушысы Мамедов Назар
  9. Академик Е. А. Бөкетов атындағы №52 ЖББОМ 7 “Г” сынып оқушысы Попова Мария
  10. №86 ЖББОМ 7 “Ә” сынып оқушысы Тасқынбай Мерей
  11. №1 гимназияның 4 “Б” оқушысы Аржеховский Ян
5dc3a07f-e316-4cc1-aac9-5a46d8be0fc3
8cd8f3e8-5912-4d4c-8d6f-a8338a585b16
8e9e2dea-91cb-4da1-ae15-48fd216c513d
49ffbf91-785b-416a-a8dd-f1ef7cf2ea32
7260dbcc-71f7-4ed5-bde5-b591d1444686
a764a608-0ccd-4933-8617-82066f30a1af
d32223b1-1258-4d4e-a6ac-b664249f265d
def5f9c3-3e0e-46ca-abbf-2e415efd9b00
f649c86b-0b7e-4e44-9885-88033f9a52a5

«Жетістік формуласы» бенефис-шоуы. Айнагүл Хамитовамен кездесу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы іс-шараларының республикалық тізбесіне енгізілген «Жетістік формуласы» кітапханалық жоба аясында 2019 жылғы 22 қарашада «SARYARQA» телеарнасында оның телевизиялық түсірілімі өтті.

Диалог алаңында «Дарынды бала» балалардың көшбасшылығын дамыту орталығының құрылтайшысы, «Алтын алқа» төс белгісінің иегері, Қарағанды облысының іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Айнагүл Хамитова және Ғ.Мұстафин атындағы №83 және №10 ЖБББОМ оқушылары (60-қа жуық) кездесті.

Әңгіме барысы «Айнагүл Қайырбекқызы, сізге мынадай әдемі есімді кім қойды» дегенмен басталды. Айнагүл өзінің атын анасы қойғанын, анасының орны бөлек және оның бейнесі үнемі жүрегінде екенін айтты. Бұл ана мен бала арасындағы тығыз қарым-қатынасты білдіріп қана қоймай, аналық махаббаттың өшпес берік белгісі екендігін білдіреді. Айнагүлдің айтуынша, ол анасының өсиеттерін орындауға тырысады, сол кісінің ізімен жүргісі келеді.

Айнагүл үшін өмірдегі ең үлкен өкініш – бұл анасына өте аз уақыт бөлгені. Анасының өмірден өткені Айнагүл Қайырбекқызына үлкен соққы болып тиген екен.

Әңгіме барысында бенефис-шоуға қатысушылар, қазір Хамитовтар отбасында 2 ұл және 5 қыз бала тәрбиеленіп жатқанын білді.

«Біз жұбайымызбен әр баламызға ең жақсы тәрбие, білім беруге тырысамыз. Балаларымызды музыка, кескіндеме және қолданбалы өнерге баулимыз. Балалардың көптігінен біз қорықпаймыз, баланың көптігі жаңа шешімдер мен жаңа жобаларға шабыттандырады».

Үлкен ұлы экономикалық бағыт бойынша Канадада жоғары білім алып, бүгінде көп саяхат жасап, тілдерді үйренуде, қазір танымал блогер. Басқа балалары да түрлі салаларда өздерінің қабілеттерін көрсетіп отыр: біреуі музыкада, енді біреуі математикада, ал бірі киім дизайнында ерекше талпыныс танытып келеді.

А.Хамитова өзінің балалық шағы мен мектеп жылдары туралы қуана еске алды. Ол мұғалімдерді тыңдамай, бұзақылық мінез көрсетіп, өте ширақ, әуесқой оқушы болған екен. Мұғалім болуды армандаған, бірақ ата-анасының талабымен Қарағанды политехникалық институтына (қазіргі ҚарМТУ) оқуға түскен. Бірақ, Айнагүл тек көп балалы ана ғана емес, сонымен қатар, табысты тәрбиеші, ұйымдастырушы бола алатынын дәлелдеді.

Диалогтық алаң қатысушыларына Айнагүл «Өзіңізге ұнайтын, жүрегіңіз қалайтын мамандыққа бару маңызды.. Бастысы – өзіңіздің жүрегіңізді тыңдаңыз, сонда сізден керемет маман иесі шығады»,- деді.

Қандай әдебиетті сүйіп оқисыз деген сұраққа Айнагүл Қайырбекқызы шығу тегі ливандық белгілі американдық ғалым Нассим Николас Талебаның ғылыми мақалалары мен экономика мен қаржы мәселелеріне арналған кітаптарын көп оқитындығын айтты.

А.Хамитованың отбасы кітап оқығанды жақсы көреді, олар ай сайын 10-15 кітаптан сатып алады екен.

Отбасы туралы әңгіме әрі қарай кәсіпкерлік қызмет саласына өтті.

Айнагүл Қайырбекқызы балаларға арнап жұбайы Қайратпен бірге «Көшбасшылық дамыту» орталығын ұйымдастырғаны туралы және байқауға қатысып, грантты жеңіп алуы кәсіпкерлік бағытының алға басуына септігін тигізгеніне тоқталды. «Осыдан кейін біз бірінші балабақшамызды аштық, келесі жылы екінші балабақшаны аштық. 4 жылдың ішінде біз 4 балабақша аштық. Бүгінгі таңда 850 бала, 850 отбасы бар. Өте көп жұмыс. Өте үлкен жауапкершілік», – дейді бағдарлама Қонағы.

«Дарынды бала» бала бақшаларында 3 жастан бастап балалар футболмен айналысады, домбырамен ойнайды, ән айтады, би билейді, сурет салады. Өз тәжірибесінің негізінде ол «30 күн ішінде балабақшаны қалай ашу керек екені жайлы» деген кітап жазды.

Бағдарлама соңында Айнагүл Қайырбекқызы бенефис-шоу шарты бойынша Ғ.Мұстафин атындағы №83 жалпы білім беретін орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы Алина Самошкинаның сұрағын (анасы туралы) ең таңдаулы және мағыналы деп шешіп, арнайы сыйлығын берді.

Жоба ұйымдастырушылары – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы Айнагүл Хамитоваға табыстылық пен танымалдықтың символы «Жетістік формуласы» кәдесыйын және Абайдың «Қара сөз» кітабын табыс етті.