«Әдеби сарапшы»

«Әдеби сарапшы» оқылған кітап жайлы үздік пікір қалалық байқауының қорытындысы шығарылды.
1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні – «Ертегі әлемі немесе балалық шақ» атты мерекелік шара аясында, «Әдеби сарапшы» оқылған кітап жайлы үздік пікір қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сыйлықтар табысталды:
Бас жүлде – Стадник Полина, «Қ. Сәтпаев атындағы Гимназиясы» КММ
3 сынып оқушысы;
I дәрежелі диплом – Владимирқызы Айсұлу, №17 ЖББОМ 2 сынып оқушысы;
II дәрежелі диплом – «Супермалыш» балаларды дамыту орталығы, 7 жас;
III дәрежелі диплом – Маратов Бекжан, №15 ЖББОМ 3 сынып оқушысы.
Басқа байқау қатысушыларына сертификаттар табысталады.

1
2
3
4
5
6

«Ертегі әлемі немесе Балалық қаласы»

Балаларды қорғаудың халықаралық күні – бұл бүкіл әлем балаларының мерекесі. Бұл күні кітапхана оқырмандары мен қаламыздың жас тұрғындары үшін OPEN тәртібінде «Ертегі әлемі немесе Балалық қаласы» ойын және интерактивті ойын алаңдары ұйымдастырылды.
Мереке басталар алдында достық, демалыс, жаз, балалық шақ туралы әндер шырқалады, «Біздің балалар нені оқиды?» кітап көрмесі үйіндісі безендірілді.
Іс-шара кітапхана оқырмандары Ерниязова Инабат (6-сынып, №15 мектеп) және Трофименко Эрика (2-сынып, №1 гимназия) жүргізген салтанатты бөлімнен басталды.
Балаларға тақырыптық алаңдарға бару ұсынылды:
«Кітаптар ауласы», онда «Qasym» баспасының кітаптарымен танысып, және сатып алу мүмкіндігі болды.
«Сен кімсің, кейіпкер?», онда Алтын Әтеш әдеби кейіпкерлер мен ертегі заттарын білуі бойынша әдеби викторина өткізді.
«Даладағы ойындар» алаңы, Ер Төстік пен Батыр балалармен «Асық», «Африкалық қуыспақ», «Даршылар (Арқанда жүрушілер)» ұлттық және гирь ойындарын ойнады.
«Әдеби әткеншек» еркін микрофон алаңы, онда әрқайсысы сахнада жарқырап көрінді: өлеңдер және көркем шығармалардан үзінді оқып, ән айтып, би билеп, өз талантын көрсетіп, кітапхана серіктесі – «Нәтиже» компаниясының сыйлықтар алды.
Мереке сәтті өтті! Балалар ойындар мен байқауларға белсене қатысты, сергектік қуаттылығы мен жағымды көңіл-күйде болды.

1
2
3
4
5
н2тиже
6
7
8
9
10

 

Құрметті оқырмандар!

31 мамыр – елімізде жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрабандарын еске алу күні боп саналады. Бұл күні қазақстандықтар сынақ пен құрбандық көп болған жылдарды еске алады, ол кезде ел көптеген адамдардан, соның ішінде қаншама зиялы тұлғалардан айырылды.
Осы еске алу күніне орай Валерия Могильцкийдің «Великие узники Карлага» атты кітабы бойынша пост-реквием дайындадық. Кітапта өте құнды деректер жиналған, кітаптың мәтіні тартымды, бір кездері «қызыл террорға» тап болған адамдардың жан азабын эмоционалды түрде жеткізеді.

Новый рисунок
Новый рисунок (1)
Новый рисунок (2)
Новый рисунок (3)

«Заманауи балалар кітапханасы – шығармашылық аумағы және балалар мен жасөспірімдердің оқуын дамыту кеңістігі» атты республикалық онлайн-семинар

Ағымдағы жылғы 26 мамырда ZOOM алаңында «Заманауи балалар кітапханасы – шығармашылық аумағы және балалар мен жасөспірімдердің оқуын дамыту кеңістігі» атты республикалық онлайн-семинар өткізілді, оған 100 маман қатысты, семинарға қатысушылар арасында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, облыстық әмбебап ғылыми кітапханалар, Қазақстанның облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханалары, Қарағанды облысының 18 аудандық және қалалық ОКЖ қатысты. Семинарды ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Абай атындағы ОБК.
Шарада Жұмакенов Еркебұлан Қайроллаұлы, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы; Мұналбаева Үмітхан Дәуренбекқызы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор құттықтау сөздерімен қатысушылар алдында сөз сөйледі.
Семинар барысында әртүрлі форматтағы 9 тақырып тыңдалды: онлайн-кездесу, таныстырылым, тренингтер. Қызмет көрсетудің жаңа форматындағы Қарағанды облысының балалар кітапханаларының қызметі туралы, жастармен жұмыстың онлайн түрлері туралы, жазғы оқу бағдарламаларын, кітаппен жұмыс нысаны ретіндегі қуыршақ театрын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Әріптестер Ратникова Л.Г., Ж.Бектұров атындағы ҚОЖК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы; Сарычева С.В., Қарағанды ОКЖ №12 балалар филиалының меңгерушісі; Курманова Б.Д., Балқаш ОКЖ А.Гайдар атындағы ОБҚК меңгерушісі; К.К.Искакова, Қарқаралы ОКЖ Қарағайлы кентінің балалар кітапханасының кітапханашысы өз әріптестерінің назарына балалар мен жасөспірімдердің оқуы жөніндегі жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру туралы өздерінің таныстырылымдарын, кітапхана ісіндегі қызықты идеяларды, Ұлы Отан соғысы туралы балалар әдебиетін оқудағы зерттеулерді ұсынды.
Семинарға каллиграф Яна Росс қатысып, әдемі жазу өнері – каллиграфия туралы әңгімеледі, «Айтшы, Әжетай» журналының бас редакторы С.Б.Нурханова Абай атындағы ОБК және Қарағанды облысының балалар кітапханаларымен ынтымақтастығы тәжірибесімен бөлісті.
Абай атындағы Қарағанды ОБК қызметкерлері кітапханашыларға арналған шеберлік сыныптарын өткізді. Кітапханашы Алжанова Н.К. кітапхананың «Киіз үй» этноконструкторын қолдана отырып, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру тәжірибесі туралы айтты.
Библиограф Әбдіғалым М.С. электронды құралдарды, викториналар құру үшін «AutoPlay Media Studio8» бағдарламасын пайдалану жөніндегі тренинг өткізді.
Кітапхана мамандарына онлайн-семинар Қарағанды облысының балаларына кітапханалық қызмет көрсету жұмысының жаңа бағыттарымен танысу мүмкіндігін беріп қана қоймай, әріптестерімен практикалық тәжірибе алмасуға, ынтымақтастықтың ықтималды перспективалық бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.
Абай атындағы ОБК семинарды ұйымдастырудағы қолдауы мен көмегі үшін Үмітхан Дәуренбекқызы Мұналбаеваның атынан тәлімгері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкерлеріне, семинарға белсене қатысқаны үшін Қазақстанның барлық кітапханашыларына алғыс білдіреді.

1
2
3
4
5

Айдос Есмағамбетовтың қатысуымен «Жетістік формуласы» теледидарлық жобасы

2021 жылдың 24 мамыр күні «Жетістік формуласы» телевизиялық жобасының кезекті түсірілімі Қазақстандағы гиперреалист-мүсінші, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Айдос Есмағамбетовтың қатысуымен өтті.
Айдос Есмағамбетов шынайы кейіпке жақын жасаған мүсіндерімен көпке танымал шебер. Бұл – кез-келген адамның қолынан келе бермейтін, хирургиялық нақтылықты талап ететін өнер. Оны меңгеру үшін талант пен шынайы ниет қажет. Оның туындыларының арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың, қазақтың ақын әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының, мемлекеттік қайраткер Абылай ханның, Қазақстан Республикасының бірінші қорғаныс министрі, генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетовтің, АҚШ президенті Барак Обаманың мүсіндері бар.
Жасөспірімдер мен қонақ арасындағы диалог көңілге жағымды, әсерлі өтті. Өнерге әуес балалар талантты мүсіншіден көп нәрсені сұрап білгілері келді.
«Бойыңыздағы сурет салу өнері кімнен дарыды?», – деген сұраққа, «Мен шығармашылық отбасында дүниеге келдім. Анам домбырамен ән айтады, әкем мүсінші. Осы өнер саласына келетінімді бала күнімнен біліп жүрдім. Инститтутағы оқуымды аяқтағаннан кейін, менің силиконнан мүсіндер жасауға деген қызығушылым оянды, яғни өнердің «гиперреализм» атты жаңа стилін игеруді ұйғардым», – деді Айдос Есмағамбетов.
«Кешегі бала Айдостан бүінгі жетістікке жеткен Айдосты алсақ, өзіңізді осы шыңға қалай шығардыңыз?» – деген сауалға: «Өз-өзімді дамыту, жетілдіру, іздену, еңбектену арқылы осы деңгейге жеттім. «Еңбек – бәрін жеңбек» демекші, бәрі еңбектің арқасында келеді. Мен атақты шетелдік гиперреалистердің туындыларын зерттеуге тырыстым, БАҚ беттеріндегі деректерден іздедім. Ғаламтордан ақпараттар қарап, олар қолданған материалдарын зерттеп, олармен тәжірибе жасадым. Бұл салада жалпыланған технологиялар жоқ, бәрі іздеу, бағдарлау арқылы жүзеге асады және ұзақ уақытты талап етеді».
«Менің ең үлкен арманым және мақсатым – елімізде Мадам Туссо мұражайы сияқты мүсін мұражайын ашу» – деп арманымен бөлісті. «Жетістік формуласы» телевизиялық жобасының шарты бойынша қонақ өзіне ұнаған үздік сұрақты таңдап, №104 мектеп-гимназиясының 9 «Ә» сынып оқушылары Мирас Туркенов пен Аяулым Темірхановаларға естелік ретінде сыйлығын берді.
Жоба ұйымдастырушылары Айдос Есмағамбетовке А. Құнанбайұлының «Қара сөздері» кітабын және табыстылық пен танымалдықтың символы – «Жетістік формуласы» кәдесыйын табыс етті.

IMG_3273
IMG_3276
IMG_3277
IMG_3283
IMG_3285
IMG_3287
IMG_3288
IMG_3289
IMG_3292

 

«Әлем таныған Олжас» поэзиялық бумерангы

18-21 мамыр аралығында «Instagram» және «Facebook» әлеуметтік желілерінің кітапхана парақшаларында ақын, әдебиеттанушы, түркітанушы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 85-жылдығына арналған «Әлем таныған Олжас» поэзиялық бумеранг өткізілді.
Бумерангқа қаланың әр түрлі мектептерінің, лицейлері мен гимназияларының оқырмандары қатысты.
О.Сүлейменовтің «Язык отцов, язык тысячелетий», «Песня кумана», «Қара ағаш», «Черный лебедь в белой стае», «Земля, поклонись человеку!», «Были женщины по плечо», «Чем порадовать сердце?», «Волчата», «Гадалка», «Маме», «Нағыз дос», «Кочевник» өлеңдері оқылды.
«Қауырсын қалам» әдеби клубының қатысушылары «Шағын» атты өлеңді оқып, әдеби бумерангты аяқтады.

1
2
3

«Полимер құрттары»

21 мамырда «Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында «Полимер құрттары» тәжірибесі өткізілді. Балалар көп клеткалы жануарлар әлемімен танысты. Зертханамызда балалар полимер құрттарын қалай дайындауға болатынын, олардың қандай керемет қасиеттері бар екенін білуге мүмкіндік алды. Өткізілген тәжірибе қарапайым және қауіпсіз, ол үшін натрий альгинаты, кальций хлориді, қызыл мен жасыл бояғыш және жылы су пайдаланылды.
Қызықты да танымды, оңай өткен практикалық сабақтың соңында «Таңғажайып тәжірибелер мен эксперименттер» атты кітаптардың шолуы жүргізілді.

1
2
3
4
5
6

«Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік балалар немесе жасөспірімдер немесе балалар мен жасөспірімдер кітапханасы»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен 2021 жылы 18-21 мамыр аралығында Ақмола облысы, Шучье-Бурабай курорттық аймағы, Көкшетау қаласында Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2021» фестивалі өтті. Іс-шараға Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Б. Уатаева, мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімнің кітапханашысы О. Вольф қатысты.
«Рухани қазына» байқауы төртінші жыл қатарынан мәдениет пен өнер саласындағы дарынды мамандарды қолдау үшін өткізіліп келеді. Биылғы жылы байқаудың 50 түрлі номинациясына қатысу үшін мемлекеттік мұражайлардан, кітапханалардан, қоғамдық орталықтар мен ауылдық клубтардан 300-ден астам өтінім түсті.
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының «Рухани қазына -2021» онлайн фестивалінің қорытындысы бойынша «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік балалар немесе жасөспірімдер немесе балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болды.
Құрметті әріптестер, марапаттарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңізге жеміс, шығармашылық табыс, бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.

photo_2021-05-26_17-37-48
2
3
4
5

 

 

«Кел, қазақша сөйлейік!»

20 мамыр күні «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Музыка арқылы әріптерді жаттау» тақырыбында өткізілді. Сабақ «Гвоздичка» балабақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтті.
Балалар «Әліппе» бейнеролигін тамашалап, әріптерді қазақ тілінде айтып үйренді. Көрнекілік құрал арқылы бүлдіршіндер қазақ әліпбиінің әріптеріне сөздер құрастырып үйренді.

IMG_3190
IMG_3198
IMG_3201
IMG_3223
IMG_3228
IMG_3241
IMG_3243

«Қауырсын қалам» әдеби клубы

17 мамыр күні кітапханада «Қауырсын қалам» әдеби клубының кезекті отырысы өтті. Клуб жаңа мүшелермен толықты. Отырысқа келген «№41 Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы» оқушысы Аяулым Ерлан, «№48 жалпы білім беретін орта мектебі» Гүлниса Нажмадинова, «№63 жалпы білім беретін орта мектебі» Михаил Горобцов, Анжелика және Маргарита Кабаковалар т.б. оқушылар өздерін таныстырып, шығармаларын оқыды.
Сонымен қатар, оқушылар дөңгелек үстелде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша биыл оқуға ұсынылған әдебиеттер жайлы ой бөлісті. Көптеген шығармалар біздің оқырмандарға таныс болып шықты. Әсіресе балалардың қызығушылығын тудырған қазақ тіліндегі Ж.К.Роулиңнің «Хәрри Поттер» шығармалары.

photo_2021-05-18_10-53-07
photo_2021-05-18_10-53-10
photo_2021-05-18_10-53-13
photo_2021-05-18_10-53-19