«Чипси мен шибауырсақ» жинағының тұсаукесері

«Чипси мен шибауырсақ» жинағының тұсаукесері

Кітапхана жылдар бойы балаларға облыс жұртшылығына әдебиеттегі жаңа есімдермен танысуға, жаңа әдебиеттерді насихаттауға сондай-ақ қаламгерлерге қолдау көрсетуге ықпал етіп келеді.
Соңғы жылдары балалар тақырыбына қалам тербеп жүрген қаламгер Жақан Жұпар Рысқұлқызының тырнақалды туындысы «Чипси мен шибауырсақ» жинағының тұсаукесерін жасап, автормен кездесу өткізді. Айта кету керек, балаларға арналған тәрбиелік мәні зор жинаққа енген мысал әңгімелерде еңбекқорлық, тазалық, ұқыптылық, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, жаман әдеттен сақ болу сияқты мәселелер көтерілген.
Іс-шараға жазушының достары мен туыстары, қала қонақтары және кітапхана оқырмандары шақырылды.
Балалар автордың «Шыбындар» әңгімесін талдауға қатысып, сұрақ-тапсырмалар орындады. «Сұраққа жауап бер де, кітап ұтып ал» ойынына қатысқан ең белсенді үш оқушыға «Чипси мен шибауырсақ» кітабы сыйлыққа тапсырылды.

Comments are closed.