ЧУМАКОВА ЗУЛПА (ЗИНАИДА) СУПЬЯНОВНА

Зинаида(әдеби псевдонимы) Чумакова 1951 жылы Қазақстанда, Қостанай облысы, Семиозерный ауданы, Күшмұрын бекетінде дүниеге келді. Жезқазғанның турғыны.

Көрме залы бар «Жезқазғанның тарихи -археологиялық мұражайының» КММ директоры, Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі.

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеді. Мәдениет саласында 35 жыл, МС көркемдік жетекшісі жұмысынан бастап мәдениет бөлімінің басшысына дейін қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген қызметкер, мәдениет қайраткері.

Режиссёр, сценарист және театрландырылған көріністердің, фестиваль, конкурстардың жүргізушісі.

«Дидар»телеканалдың «Творчество» бағдарламасының авторы.

Жезқазған қаласының шығармашылық интеллегенциясы клубының төрайымы.

Ақын, прозашы. Қазақстан жазушылары Одағының мүшесі, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, Мәскеу қаласының Рәсей Жазушылар Одағының мүшесі.

Проза және өлеңдердің 9 кітаптың авторы:«Земные звёзды Жезказгана», «Осенняя рапсодия», «Диалектика души», «Иволга», «Свет и тени», «Түсіме таулар кіреді», «Три вершины», «Начать сначала», «Библиотека Чеченской литературы. Избранное».

2006 жылы Зинаида Чумакованың 23 өлеңдеріне жазылған “Ренессанс моей души” диск шықты.

Көптеген өлеңдеріне ән жазылған:”Шәшу”, “Ренессанс моей души”, “Гранатовый браслет”, “Ночное кафе” т.б.

Өлеңдері қазақ, шешен, украин, поляк, беларус ілдеріне аударылған.

З.С. Чумакова — К.Симонов атындағы Халықаралық әдеби премияның Лауреаты, қала әкімінің «Жылдың үздік тележурналисті» премиясының лауреаты.

Гавриил Державин және Магамад Макамаевтың «Алтын қыран» ордендерінің Кавалері.

 

zina1
zina2
zina3
zina4
zina5