«Дарқан дарын» кітап көрмесі

«Дарқан дарын» кітап көрмесі

Көрнекті жазушы, ақын, драматург, «Құрмет» орденінің иегері Софы Сматаевтың 80 жасқа толу мерейтойына орай кітапханада «Дарқан дарын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жазушы оқырмандар игілігіне тоғыз роман, он үш повесть, он төрт пьеса, он екі дастан және әңгімелер мен өлеңдер ұсынған. Олардың ішінде он төрт елдің тіліне аударылып, әлем халықтарының рухани байлығына айналған туындылары аз емес. Соның бірі де бірегейі оның «Елім-ай» трилогиясы. Бұл қазақ тарихының ең күрделі әрі ауыр дәуірінде туған осы атаулы халық әні тарихымен тікелей байланысты.
Сондай-ақ көрмеге қаламгердің «Алау», «Ақжелең», «Алғашқы асу», «Жарылғап батыр», «Қайран жастық», «Мен – тірімін!», орыс тілінде «Время первой травы», «Песнь моя – боль моя» және т.б кітаптары қойылды. Барлығы 24 басылым оқырман назарына ұсынылады.
Софы Қалыбекұлының ғибратқа толы шығармаларын біздің кітап көрмемізден 16 маусым айынан 16 шілдеге дейін алып оқуларыңызға мүмкіндіктеріңіз бар.

1
2
3
4
5
Comments are closed.