Қараша 28, 2024 «Әдемі сөйле» курсы By odb-abai inЖаңалықтар «Әдемі сөйле» курсының бүгінгі дәрісіне Қарағанды қыздар «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары қатысты. Қыздар әдемі сөйлеудің, мәнерлі сөйлеудің қыр-сырымен танысты. Нақтырақ айтсақ: – дыбыстардың анық, таза шығуы үшін артикуляциялық жаттығулар жасады; – дұрыс дем алу үшін диафрагмамен жұмыс істеуді үйренді; – сөздік қорды арттырудың әдіс-тәсілдерін меңгерді. – мидың екі жарты шарын іске қосатын нейрогимнастикалық жаттығуларды жасап көрді; – әдемі дауысты қалыптастырудың әдістерін үйренді. Сөз өнеріне машықтанып, әдемі сөйлеуді үйренгісі келетін жоғары сынып оқушыларын әр жұма сайын сағат 16:00 күтеміз!