Абай күні

Абай күні

Елімізде екінші рет атап өтілетін Абай күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 – жылдығын мерекелеу аясында ерекше мән мен мазмұнға ие болуда. Әйгілі ақынды халықтың рухани көсемі және ұлы ұстазы деуге әбден болады. Абай қазақ әдебиеті тарихындағы жазба дәстүрдің негізін қалап, ақындық өнер мен жанрлық әртүрлілікті байытып қана қоймай, жалпы адамзаттық мәңгілік құндылықтар деңгейіне көтеріліп, әлемдік мәдениетпен берік байланыс орнатты. Абай атындағы кітапхана ақынның туған күніне орай жыл сайын әртүрлі іс-шараларды, көрмелер шолуларын, викториналар және т.б. өткізеді.
Биылғы жылғы 9 тамызда кітапханашы О.Лебедов пен оқырман Н.Тұрсынбектердің қатысуымен «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілерінің пайдаланушылары үшін «Абаю посвящается…» бейнероликтері қойылды, оларда Қарағанды қаласындағы А.Құнанбаевтың ескерткіші туралы баяндалады.
10 тамызда «Instagram», «Facebook», «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде ақын және философ Абай Құнанбаевқа арналған «Абай – ұлы ақын» библиосаяхаты қойылды. Біздің оқырмандар Т.Ахметова, Ш.Мансур, Н.Турсынбек, А.Владимиркызы ұлы ақынның шығармаларын оқыды. Балалар серуендеу кезінде Қарағанды қаласының қандай жерлері Абайдың есімімен байланысты екенін айтып, өлеңдер оқыды.
«Инстаграм» желісіндегі сториста жас абайтанушыларға арналған танымдық инста-викторина екі тілде қойылды, ол Абай Құнанбаевтың өмірбаянынан белгілі деректерді еске түсіруге көмектесті.
Кітапхананың кіреберісінде «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапхана қорыңдағы М.Әузовтің 1948 жылы басылып шыққан «Абай» романы, А. Құнанбаевтың 1951 жылғы «Избранное» кітабы, аудармалары, қарасөздері, өлеңдері және А. Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай академиясы» сериясы бойынша жарық көрген кітаптар және т.б. қойылды.
Кітап көрмесін жеке қарап-көру кезінде кітапханашылар «Абай портреті» бірегей картинасы және мүсінші Х.Наурызбаев 1954 жылы жасаған «Абай» мүсіні туралы әңгімеледі.

1
2
3
4
Comments are closed.