Денсаулық және оқу

Денсаулық және оқу

          2 сәуірде №6 ЖББОМ 6-8 сынып оқушыларына «Шекарасыз кітапхана» таныстыру экскурсиясы өткізілді. Балалар кітапхана тарихын негізгі ережелерін және оқырмандар үшін әзірленген пайдалану мүмкіндіктері туралы білді. Кітапхана залдары мен қызметтерінің жұмысымен, кітап қорларының мазмұны және көрсетілетін қызметтермен танысты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «Рухани жаңғыру» бағдарламасына және Қарағанды облысының 85 жылдығына арналған көрмелерге шолу ұйымдастырылды.
Экскурсияға қатысушылардың көбі кітапхана оқырмандары болуға ниет білдіріп, өздерінің оқырман билеттерін алды.
Экскурсия кезінде Дүниежүзілік денсаулық күніне ұйымдастырылған «Денсаулық және оқу» сауықтыру сеансы өткізілді. Кітапханашылар балаларды өз денсаулығын сақтау және нығайту үшін қараантин кезеңінде қандай ережелер мен рәсімдерді сақтау керектігін еске салды. Соңында балаларға танымдық онлайн-викторина ұсынылды, балалар барлық сұрақтарға бестік баға дәрежесінде жауап берді.

IMG_2622
IMG_2636
IMG_2640
IMG_2642
IMG_2645
IMG_2652
Comments are closed.