Дубовская Татьяна Юрьевна
(21.04.1954 ж.)

«Мен ересектерге де,  балаларға да арналған өлеңдер жазамын.
Балалар әлемі маған жақын, әрі таныс».

Т. Дубовская

             Татьяна Юрьевна Дубовская – қазіргі заманғы балалар ақыны, балаларға арналған көптеген өлеңдердің авторы. Ақын тек Қазақстанда ғана белгілі емес, Ресей баспалары да оның өлеңдерін басып шығарды, бұл Т.Дубовская шығармаларының жоғары бағаланатынын білдіреді.

Ақын Тюмень облысының Ишим қаласында дүниеге келген. 80-жылдары Теміртау қаласына көшіп келді. Балабақша тәрбиешісі болып орналасты. Балаларға деген махаббаты, олардың қайталанбас әлемі болашақ ақынды баурап – жаулап алды. Ақындық таланты кенеттен ашылды. Дүиниеге келген алғашқы өлеңдері дәптерлерде жиналып, уақыт өте жинақтар мен кітапшаларға жинақталды. Өз шығармаларын кішкентай оқырмандарға жеткізуге деген құштарлық кітап басып шығаруға жол ашты.

2006 жылы «Жарқын қуаныш туралы, мұңды көңілсіздік туралы, махаббат туралы» өлеңдер жинағы, 2007 жылы «Балаларға арналған өлеңдер»  кітапшасы, 2008 жылы «Біздің бүлдіршіндерге» екі балалар кітапшалары жарыққа шықты.  Өлеңдері «Металлург», «Қазақстан магниткасы», «Зеркало», «Новый Темиртау» (Теміртау қаласы), «Индустриальная Караганда» (Қарағанды қаласы) газеттерінде; «Нива» журналында (Астана қаласы); «Балалар әдебиеті» (Москва қаласы), «Жыл ақыны – 2011» (Москва қаласы), «Сарыарқадан қанат қаққандар» (Қарағанды қаласы) альманахтарында; «Қазақстанның інжу-маржан поэзиясы» (үшінші кітап), Романовтар үйінің 400-жылдығына арналған «Мұра» (Москва қаласы) альманахында басылып шықты.

Татьяна Юрьевна қала кітапханаларында, мектептерінде, лицей-гимназияларында жиі қонақта болады, қалалық және республикалық поэзиялық фестивальдеріне қатысады.

Автордың көңілді өлеңдері және оларды тентек, ойнақы стильде, икемдi, жылылық  пен шынайы қарым-қатынаста бере білуі тыңдаушылар мен оқырмандарды балалық шақтың сыйқырлы әлемiне еліктіріп-жетелейді.

«Достар», «Даша және ботқа», «Мiндет», «Анама көмектесемiн», «Жоғалтқыш бала» және тағы басқа балалар өлеңдерінің дауыс ырғағының мейірімділігі мен сенiмдiлiгі оқырмандарды сүйсiндiредi.

Татьяна Юрьевна Дубовская  – «Магнит» әдебиет бірлестігінің мүшесі (Темиртау қаласы), Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды филиалының мүшесі, «Мұра» сыйлығының жүлдегері, «Менің туған үйім» байқауының лауреаты, қазіргі заманғы әдебиетке үлес қосуға қабілетті жаңа дарынды авторларды іздеу мақсатындағы «Авторлық кітап» баспасы және Орыс әдебиетінің клубы бекіткен «Жыл ақыны – 2011» Ресей ұлттық әдәбиеті сыйлығының номинанты.

Автордың қала мәдениетінің дамуына, жас ұрпақтың адамгершілік, рухани және әдебиетке деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін грамоталары мен алғыс хаттары, сертификаттары бар.

001
002
004
005