«Еңбек адамы» фотомарафонының жеңімпаздары

«Еңбек адамы» фотомарафонының жеңімпаздары

2018 жылғы 29 қазанда Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының көрме залында «Қазақстандық салалық  мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Қарағанды облыстық филиалының кәсіподағы ұйымдастырған «Еңбек адамы» атты фотомарафонның қорытындысын шығару салтанаты  өткізілді.

Фотокөрменің негізгі мақсаты – қоғамда Еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу, мамандықтың беделін және мамандықты саналы таңдау уәждемесінің деңгейін арттыру, фото өнері арқылы лайықты өкілдерді – мәдениет және спорт қызметкерлерін көрсету.

Біздің кітапханамыздан фотобайқауға кітапханашылар Туткабекова Сағираш пен Ыбрайм Жайна қатысты.

«Өз ісінің шебері» номинациясында Ыбрайм Жайна 2 орынға, «Мен өз мамандығыммен мақтанамын» номинациясында Туткабекова Сағираш 3 орынға ие болды.

Біздің әріптестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!!! Жаңа жетістіктер тілейміз!

Comments are closed.