Экскурсия

Экскурсия

Бүгін кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысу үшін А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияның 1-сынып оқушылары, «Babyclub» мектепке дейінгі шағын орталығының балалары экскурсияға келді.
Балалар кітапхана ережелерімен, үйірме жұмыстарымен танысып, сондай-ақ балаларға арналған кітапхана қорындағы ерекше басылымдар Аруна баспасы 3D «Теңіз қарақшылары», Алматы кітап баспасынан «Менің Отаным-Қазақстан» және т.б кітаптармен танысты. Экскурсия соңында балалар ертегі кейіпкерлері бойынша электронды ойын ойнап, Ә.Тәжібаевтың поэмасы желісімен «Сақ» киностудиясында түсірілген «Толағай» мультфильмін көрді.

6
2
7
8
9
10
1
3
4
5
Comments are closed.