Елбасы әр Жолдауы – тарихи құжат

Елбасы әр Жолдауы – тарихи құжат

Наурыз айының 5-і күні ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында кітапхана қызметкерлері №41 ЖББОМ  барып 8-9 сынып оқушыларының қатысумен  «Елбасы әр Жолдауы –  тарихи құжат» атты әңгіме өткізді. Кітапханашы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында он бағыт оқушыларға жеке-жеке талдау жасап түсіндіріп өтті. Іс-шара барысында «Жолдау – барша қазақстандықтардың игілігі» атты презентация көрсетілді.Әңгіме танымдық тұрғыда маңызды болып, оқушылар мен ұстаздар өз ойларын ортаға салды. Жолдау мазмұнын ашатын әдебиеттер мен мерзімді басылымдар қойылған «Жолдау – дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты тақырыптық сөреге шолу жасаумен аяқталды.

Comments are closed.