Елбасы Жолдауы – білімге қолдау

Елбасы Жолдауы – білімге қолдау

Ақпан айының 4-і күні ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында «Елбасы Жолдауы – білімге қолдау» атты таныстыру сағаты өтті.

Шараға Қарағанды облыстық туберкулезге қарсы «Бәйтерек» шипажайында ем алушы балалар қатысты. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында алдыңғы қатарлы дамыған 30 елдің қатарына сенімді түрде кіруді қамтамасыз ететін 10 міндетті шешуге жұмылуымыз керек деп атап көрсетті. Іс-шара барысында балаларға «Жолдау – барша қазақстандықтардың игілігі» атты презентация көрсетілді.

Жолдаудың міндеттеріне байланысты іріктеп алынған «Жолдау – дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кітап көрмесі бойынша «Қазақстан 2050», «Қазақстан даму стратегиялары», «Мәңгілік ел» т.б кітаптармен қатар мерзімді басылым беттеріндегі талқылаулар мен ой-пікірлерге шолу жасалды.

Comments are closed.