2017 жылдың 30 сәуірінде №3, 1, 92 гимназиялардың 6-8 сынып оқушыларының және Құрметті Қонақ – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Мүлікұлы Ағымбаевтың қатысуымен «Табысқа жету формуласы» бенефис-шоу жобасының алғашқы кездесуі өткізілді.

Іс-шара қонақтары біздің қаламыздағы дарынды, табысты және маңызы бар адаммен танысты. Балалар Қонақтың отбасы, балалық шағы және кәсіби қызметі туралы әңгімесін ықыласпен тыңдады. Әртүрлі тақырыпта: хоббиі, шетелдік гастрольдері, армандары, қызықты кітаптары, шығармашылық жоспарлары, табыстылығы және т.б. туралы сұрақтар қойылды.

Еркебұлан Мүлікұлы бенефис-шоуға қатысушыларға өзінің дүниетанымына әсерін тигізген Р.Киплингтің «Маугли», Тоқтар Бейсенбиновтың «Ақиқат» кітабын, Д.Досжановтың шығармаларын оқуды ұсынды.

Диалогтық алаң құрылды. Балалар қойылған 31 сұрақтың барлығына жауап алды. Қонақ бенефис-шоу соңында хореограф мамандығы жайлы ең қызықты сұрақты қойған, Алина есімді оқырманға, өзінің сыйлығын табыстады.

Қатысушылардың назарына «Жұлдызға теңескенше оқы» кітап көрмесі, «Балалық шағымның кітаптары» тақырыптық сөресі, «Табыс» кітап инсталляциясы ұсынылды.