Ерте, ерте, ертеде…

Ерте, ерте, ертеде…

Әрбір бала армандағанды, қиялға берілгенді, ойнағанды, бірнәрсені жасағанды, саяхаттағанды жақсы көреді. Иә, әсіресе сүйікті кітаптары бойынша саяхат жасауды.

«Хогвартс» балалар орталығының тәрбиеленушілері мен қаламыздың жас тұрғындары кітапхана алдындағы жазғы алаңда «Ерте, ерте, ертеде…» атты танымдық-ойын калейдоскопына қатысты. Қатысушылардың назарына ертегінің пайда болу тарихы ұсынылды, балалар қандай ертегілерді оқығаны және олардың қайсысы ас аұнайтыны туралы айтты.

Ертегілер бойынша саяхат жасаған балалар көптеген жаңа және қызықты мәліметтерді білді. Қатысушылар үшін түрлі тапсырмалар мен кедергілер ұйымдастырылды.

Жұмбақтар ертегімен тығыз байланысты болады, сондықтан жұмбақтар шолуы балаларда көптеген жағымды әсер қалдырды. Кітапханашының идеясы жас оқырмандар арасында зор қызығушылық тудырды, олар ертегінің атауын немесе авторын табу және өздерінің әңгімелерін алдын-ала дайындалып, кітапқа салынған сұрақтардың қысқаша жауаптарымен толықтыру үшін кезекке тұрды.

Жазғы ойын алаңындағы әр кездесу кітапханадағы сүйікті мультфильмдері көрумен, балалардың өз эмоцияларын асфальттағы суретте бейнелеуімен аяқталады.

Comments are closed.