«Ертегілік лабиринт» әдеби квесті

«Ертегілік лабиринт» әдеби квесті

15 наурызда Балалар кітабының апталығы №17 ЖББМ 3-4 сынып оқушыларымен өткізілген «Ертегілік лабиринт» әдеби квестімен жалғастырылды.

Квест – қазіргі кезде балалар ортасында кеңінен танымал іздену ойынының бір нұсқасы. Әдеби квест ойынының бағыты түрлі халықтардың ертегілері мен кейіпкерлеріне байланысты болды. Ойын қатысушыларды жаңа кітаптармен таныстырып қана қоймай, есте сақтау, назар аудару, ойлап табу, қиялдау, логикалық ойлау қабілеттерін де дамытуға көмектесті.

Ойын тапсырмалары қатысушылардың қарым-қатынасын дамытуға ықпал ететін көптеген жағымды және қуанышты эмоцияларды тудырды.

Ойынның мақсаты мен міндеті – балалардың көркем әдебиетке -ертегілерге деген қызығушылығын қалыптастыру, мәселелерін шешу үшін логиканы және түйсікті пайдалануға, ойын барысында импровизациялауға, топта біріге жұмыс істеуге, эрудиттік ойлануға үйрету.

4 топ (көктер, қызылдар, жасылдар мен күлгіндер) «Сиқырлы тоған», «Жұмбақ бөлме», «Ғажайыптар алаңы», «Кітап лабиринті», «Өліктің сандығы» жұмбақ орындарды аралай және түрлі тапсырмаларды орындай отырып, кітапхана бойынша саяхат жасады. Балалар орындалған тапсырмалары үшін пазлдың бөлігін және одан арғы бағыты көрсетілген конверт алды.

«Көктер» тобы «Сиқырлы кітап. Теңіз қарақшылары» жаңа әдемі кітап салынған қарт теңіз қарақшысының қазына сандығын бірінші болып тауып алып, сыйлық алды, ал квестің басқа қатысушыларына кітапхананың ынталандыру сыйлықтары берілді.

Comments are closed.