Есірткі – жас өмірді улаушы

Есірткі – жас өмірді улаушы

Кітапхана жас оқырмандар үшін «Есірткі – жас өмірді улаушы» атты кездесу кеш №81 ЖББОМ –тің 8 сынып оқушыларының қатысуымен өткізді.

Кітапхана жас оқырмандар үшін «Есірткі – жас өмірді улаушы» атты кездесу кеш №81 ЖББОМ –тің 8 сынып оқушыларының қатысуымен өткізді. Бұл шараның мақсаты: «Бірінші байлық-денсаулық» деп айтылғандай, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ақуалы жақсы болу үшін зиянды әдеттерден ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, оқушылардың бойында адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу.

Шараға Қарағанды облыстық наркологиялық диспансерінің нарколог-дәрігері А.Б.Бейсекеева қатысып, оқушыларды адамзат ұрпағына төніп тұрған, ғасыр дертіне айналып отырған нашақорлықтың зардаптарын түсіндіріп, зиянды заттардан аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ балаларға «Нашақорлық – қоғам дерті» атты слайд көрсетілді. «Нашақорлыққа– жол жоқ» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Comments are closed.