Мамыр 16, 2021 «Free Style» арт – шеберханасы By odb-abai inЖаңалықтар Мамыр айының 16 күні «Free Style» арт – шеберханасының кезекті сабағы өткізілді. Үйірме жетекшісі балаларға кесте өнерінің ертеден келе жатқан ұлттық өнердің қастерлі бөлігі екендігін түсіндіріп, кестенің түрлерімен таныстырды. Үйірмеге кітапхананың тұрақты оқырмандары №93 гимназияның 2 «В» сынып оқушысы Көркем Еркін, №78 НОМ 2 және 6 сынып оқушылары Милана мен Алина Толчевалар қатысты. Балалар «Маржандап, моншақтау кестелеу» әдісімен кесте тігуді үйренді. Бұл әдіспен кестелеу әйелдердің бас киімдері тақия, сәукеле, бөрік және камзолдар мен шапандарға кестелейді.