Халықаралық байқаудың жеңімпазын марапаттау

Халықаралық байқаудың жеңімпазын марапаттау

Қарағанды облысының кітапханалары көптеген жылдардан бері ірі халықаралық жобалардың белсенді қатысушылары болып табылады.

2017 жылы облыстың оқырмандары да, кітапханашылары да И.Ф.Варавва атындағы Краснодар өлкелік жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Ұлттық әдебиеттер диалогы» халықаралық жобасы аясындағы «Жастар мен кітап – бейбіт болашақ үшін» Евразиялық кітапханалық Интернет-форумға белсене қатысты.

24 қаңтарда Абай ауданының ОКЖ орталық аудандық кітапханасында «Книга, ты посланец мира» буктрейлер байқауының халықаралық кезеңінде «Жас оқырман» номинациясында Дулат Исабековтің кітабы бойынша «Вы не знали войны» буктрейлерін жасағаны үшін 2 орынға ие болған Станислав Мезенцевті халықаралық байқауға қатысқаны үшін дипломымен және естелік сыйлықпен марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізілді.

Станислав – жас әрі ойшыл ақын. Автор өзінің бенефисіне «Ода Казахстану» шығармасын ұсынды, ол қандай шығармалар және оған қалай әсер еткені, кітапты тереңірек оқуды қалай бастағаны туралы әңгімеледі және алғашқы шығармаларын қалай жаза бастағанын есіне алды.
Кітапханашылар Станиславпен тығыз ынтымақтастықтары және бірлескен жобалары туралы әңгімеледі.

Кітапхана қызметкерлері, педагогтар мен қонақтар іс-шара соңында жеңімпазға ізгі тілектерін білдірді.

Comments are closed.