Халықаралық Кітап сыйлау күні

Халықаралық Кітап сыйлау күні

Халықаралық Кітап сыйлау күні аясында кітапхана қызметкерлері ағымдағы жылдың 13-14 ақпан аралығында Қарағанды қаласының мектеп кітапханаларына «Кітапханаға кітап сыйла» атты акциясын іске қосты. Мұндай Акция қатарынан үшінші жыл өтіп жатыр.

Акцияның басты мақсаты: біздің қаламызда балалардың кітап оқуы мен кітапты бір-біріне сыйлау дәстүрін қайта жандандыруға ықпал ету, мектеп кітапханаларына жақсы кітаптар тарату, технология заманында да кітап өз құндылығын жоғалтпайтын ерекше сыйлық болып қалатынын көрсету.

Мерекелік акцияның 13 ақпан алғашқы күні Қарағанды қаласының №18 ОМ, №9, 95 гимназияларында өтті. Мектеп кітапханаларына балаларға арналған кітаптар мен журналдар сыйға тартылды.

Кітап сыйлықтарын табыстаумен қатар, кітапхана қызметкерлері балаларға «Заманауи оқушы нені оқиды?» атты әдеби кітаптар кейіпкерлерін білуге арналған танымдық бағдарлама ұйымдастырды.

Халықаралық кітап сыйлау күніне орай 4-6 сынып оқушылары Абай Құнанбаевтың шығармаларын, кітаптар туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды.

Келесі күні 14 ақпанда кітапхана қызметкерлері Қарағанды қаласының № 77, № 4 мектеп-интернатына барып мерекелік акцияны жалғастырды.

Мектеп басшыларына кітапханадан балаларға арналған кітап, журнал жиынтығы берілді. Балалар үшін әдебиеттерді, мерзімді басылымдарды, «Толықтырылған шындық», «3D» сериясынан кітаптарды, слайд-тұсаукесерлерді пайдалана отырып танымдық викториналар ұйымдастырылды.

Екі күн бойы акцияға қала мектептерінің 300-ден астам оқушысы қатысты, Абай атындағы балалар кітапханасының қызметкерлері балалар мен педагогтарды Халықаралық Кітап сыйлау күнін белсенді насихаттауға шақырды.

Акция басты мақсатына қол жеткізді, кітапхана балалар оқуын, бір-біріне кітаптарды сыйлауды қайта жаңғыртты, жаңа оқырмандарды тартуға ықпал етті.

Comments are closed.