Наурыз 27, 2022 «Іздеу» детективтік агенттігі» квиз By odb-abai inЖаңалықтар Детективтік жанрды сүйетіндер үшін кітапханашылар «Іздеу» детективтік агенттігі» атты танымдық-зияткерлік квиз ұйымдастырып өткізді. Ойын барысында балалар 4 адамнан тұратын 9 командаға бөлінді. Олар детектив жанрына арналған викториналық сұрақтарға жауап берді. Ойын «сұрақ-жауап» механизміне негізделген, 3 раундтың нәтижелері бойынша дұрыс жауап беріп ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанды. Бүгінгі таңда квиз ойыны жасөспірімдерге тиімді уақыт өткізудің және отбасылық демалыстың қызықты тәсілі. Қатысушылар ойынға белсене қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.