Көктемгі Наурыз мерекесі

Көктемгі Наурыз мерекесі

19 наурызда №86, 35 мектептің 6 сынып оқушылары «Наурыз мейрамы – көктемгі жаңару мерекесі» этнографиялық мерекесіне қатысты.

«HOGWARTS» балалар орталығының ансамблі «ZUMBA» әсерлі биімен іс-шараны ашты.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Зейнепқарова Ақниет және Тұрсынтай Сұлтан XIX ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың тұрмыстық заттары туралы әңгімелеп, балаларға ағаш ыдыстарды, зергерлік әшекейлерді, ат әбзелдері, ер тоқым, қамшы және т.б. көрсетті.

Бағдарламада Жиенбаев Алтынбектің, Қайрат Алмаздың, Зұлпыхар Сабинаның орныдауларында «Желсіз түнде жарық ай», «Туған жер», «Ақсиса», «Сырғанның сыңары» әндері орындалды.

Балалар «Мыршым» және Соқыртеке» ұлттық ойындарын рахаттана ойнады, қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін еске алды, кітап көрмесі арқылы қазақтардың мәдениеті туралы кітаптармен танысты.

Іс-шара соңында мерекеге қатысқандардың барлығы кітапхананың тәтті сыйлықтарын алды.

Comments are closed.