Маусым 19, 2023 Әкелер күні By odb-abai inЖаңалықтар Биылғы жылы маусым айының үшінші жексенбісін елімізде «Әкелер күні» ретінде атап өту туралы Қаулы қабылданды. Осы мерекеге орай кітапханада «Әкеммен бірге оқимын» атты дауыстап оқу өтті. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Хасен Әлім мен Азиз және Печерских Полинаның әкелері «Бірге оқимыз, бірге ойнайық» атты әдеби ойынына қатысып, отбасы туралы қызықты мақал-мәтелдер айтты. Әкелер бос уақыттарын балаларымен қызықты әрі пайдалы етіп өткізді.