Наурыз 11, 2024 Киізден жасалған суреттер By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі, Қарағандылық суретші, этнодизайнер Евгения Шульцтің шеберлік сыныбы өтті. Қазақ халқының барлық мәдени сан алуандығы Евгения Шульцтің көптеген еңбектерінде көрініс тапқан. Оның киізден жасалған суреттері Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал. Киіз басудың шеберіне айналған Евгения Шульцтің айтуынша жүнмен жұмыс жасау кез келген адамның қолынан келе бермейді, ол үшін қолдың күші көп болуы қажет. Шараға қатысушылар жетекшінің көмегімен құрғақ жүннен «Степь ковыльная» және «Өмір ағашы» атты суреттерді киізде салып жасады.