Кілтші Пелагеяның ертегісі

Кілтші Пелагеяның ертегісі

Балалар кітабының апталығы – біздің кітапханамыздың Қарағанды балаларына арналған жыл сайынғы дәстүрлі іс-шарасы.

Аптылықтың екінші күні «Мерейтойлық кітаптарыдың парақтары бойынша» 2018 жылғы мерейтойлық кітаптарға арналды.

13 наурызда №64 НОМ 2 сынып және №50 НОМ 4 сынып оқушылары үшін С.Аксаковтың «Аленький цветочек» мерейтойлық ертегісінің (160 жыл ) әдеби оқылымы өткізілді.

Іс-шара барысында балаларға автор туралы, осы ертегінің қалай жазылғаны туралы әңгімеленді
Бірнеше ұрпақты тәрбиелеген бұл ертегі өнегелі әрі көркем.

Одан соң балалар «Аленький цветочек» оnlin диафильмін тамашалады (В.Пановтың сур., 1977 ж.), ертегі бойынша викторинаға қатысты, мнемокесте бойынша әңгіме құрастырды.

Адамдар әр уақытта ертегілерге, мейірімділіктің салтанатына ұмтылады.

«Аленький цветочек» – қараңғылықты жарықтың, зұлымдықты ізгіліктің, өшпенділікті сүйіспеншіліктің жеңгенінің үлгісі. Ертегі мейірімділік мен адамгершіліктің арқасында мақсаттарға қол жеткізу қажеттілігіне үйретеді. Тек солар ғана мақтауға тұрарлық. Залымдық пен көре алмаушылық бақыт пен сәттілікке апармайды.

Comments are closed.