«Кішкентай сотқарларға арналған жақсы әдеттер»

«Кішкентай сотқарларға арналған жақсы әдеттер»

«Еркетайым» балабақшасының тәрбиеленушілері 5 қаңтарда биылғы жылы 80-жылдығы атап өтілетін Е.Утелеуовтің аттас кітабы бойынша «Жақсы әдеттер» атты ерекше елге танымдық және көңілді саяхатқа атттанды.

Балалар үйде, қонақта, мектепте, балабақшада және көшеде өздерін қалай ұстау керек екенін, тазалық пен тәртіп сақтаудың маңыздылығын, сыйқырлы сөздер болып саналатын «рахмет», «өтінемін», «сау болыңыз» деген «мейірімді» сөздерді уақытында айту керектігін үйренді.

Балалар «Сыпайы болыңыз» ойын бағдарламасына қатысты, көңілді жұмбақ – өлеңдерді шеше отырып, сыпайы сөздерді естеріне алды. Белсене қатысқандары үшін бүлдіршіндер өздерінің сүйікті кейіпкері Лунтиктің шытырманға толы оқиғалары туралы «Лунтик жақсы әдет ережелеріне үйретеді» мультфильмін сыйға алды.

Comments are closed.