«КІТАП ОҚУ ҚУАНЫШЫ» кітапхана жобасы

«КІТАП ОҚУ ҚУАНЫШЫ» кітапхана жобасы

Заманауи әлемде оқу форматы өзінің пішіні мен орнын өзгертеді. Адамдардың мобильділігі, өмір сүру қарқыны бос уақытта кітапханаға баруға мүмкіндік бермейді. Осыған орай, кітапхана өз аясынан шығып, оқырмандарын жаңа жолмен кеңейтуде.

«Кітап оқу қуанышы» кітапхана жобасы аясында Абай атындағы кітапхана 26 сәуірде «НеКафе» мекемесінде оқу алаңын ашты. «Кітап оқу қуанышы» жобасының мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарын бейресми, жағымды атмосферда кітап оқуға тарту. Жобаның ұраны «Үзіліс жаса – кітап оқы».

«НеКафе» мекемесіне келушілер тек қарым-қатынас жасап немесе бір шыныаяқ ыстық шәй ішіп қана қоймай, ұнаған кітабын немесе журналды оқи алады. Бұл әлемнің көптеген ірі қалаларында қолданылатын оқуға тартудың заманауи креативті форматы.

Кітап сөрелеріне әлемдік классиктердің, қазіргі заманғы қазақстандық және шетелдік авторлардың әдебиеті, балалар кітаптары және журналдар қойылды. Мекемеде қойылған басылымдарды мекеме қонақтары еркін түрде және тегін оқи алады.

Оқу алаңының ашылу салтанаты «НеКафе» мекемесінің құрылтайшысы Марат Мухамедиевтің, «Flip.kz» интернет-дүкенінің өкілі, e-mail-жөнелту жөніндегі менеджер Евгения Цымбота мен жеткізушілермен жұмыс жөніндегі менеджер Луиза Яровенконың, жас автор Станислав Мезенцевтің және мекеме меймандарының қатысуымен өткізілді.

Comments are closed.