Кітап сіздермен қоштаспайды. Балалар кітабы апталығының жабылуы.

Кітап сіздермен қоштаспайды. Балалар кітабы апталығының жабылуы.

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 2021 жылы 30 наурыз күні «Оқырман бенефисі» мерекелік құттықтау бағдарламасы өткізілді.
Осы жылғы іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 2021 жыл Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы аясында өтті.
Балалар кітабы апталығы аясында кітапхананың үздік оқырмандары номинациялары жарияланған.
Жылдың ең үздік оқырмандары келесі номинациялар бойынша марапатталды:

• «Ең бірінші оқырман» – Леонкова Алина, «№93Гимназия» КММ, 3 «В» сынып.
• «Кішкентай оқырман» – Кан Алина, 3 жас.
• «Оқу рекордсмені» – Булыгин Николай «№2 Лицей» КММ, 8 «Б» сынып; Темиргалиев Арман, «№82 ЖББОМ», 3 «В» сынып.
• «Болашақ детектив» – Юшков Данил, «№59 ЖББОМ» КММ, 7 «Ә» сынып.
• «Фэнтези оқырманы» – Руфатқызы Зейнеп, Майлықожа атындағы НО, 9 сынып.
• «Мәңгілік классика» – Танат Нұрсұлтан, «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты КММ, 9 «А» сынып.
• «Адал оқырман» – Кадирова Адия, Қарағанды гуманитарлық колледжі, 1 курс студенті.
• «Кітапхананың айнымас досы» – Нәрікбаев Нұркен, «А. Байтұрсынұлы атындағы №41 мектеп-гимназиясы» КММ, 11 «А» сынып; Абиев Даниил, «№63 ЖББОМ» КММ, 1 «Б» сынып.
• «Оқитын отбасы» – Егінбаевтар жанұясы: әкесі Ерлан, анасы Шырын, ұлы Ералы және қыздары Көркем мен Еркем.

Номинанттарды марапаттау үшін белгілі әдебиетшілер, журналистер, блогер мен айтыскер ақындар шақырылды. Шара соңында Балмұздақ өндіруші «Айза» ЖШС демеушілік етіп балаларға балмұздақтар сыйлады.

IMG_2475
IMG_2485
IMG_2496
IMG_2514
IMG_2518
IMG_2525
IMG_2538
IMG_2549
IMG_2562
IMG_2571
Comments are closed.