Кітапхана 11 шілдеде  қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттап «Ұлы Абайдың рухты сөзі» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді.

Кітапхана 11 шілдеде  қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттап «Ұлы Абайдың рухты сөзі» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді.

 

Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы А. Құнанбаевқа арналған іс-шара өткізу кітапхана үшін үлкен абырой, өйткені кітапхана 65 жыл бойы ақынның есімімен аталтындығын  мақтанышпен айталады.

Абайдың шығармашылығы туралы жүргізушілердің сөздері слайдтық және бейне материалдармен сүйемелденді, № 3 гимназияның 7 сынып оқушысы Сәбит Ақнұрдың орындауында Құрманғазының күйлері ойналды.

Жас оқырмандар Абай оқуларының шағын байқауына қатысты, Брагин Евгений (Қарағанды қаласына Томск қаласынан келген қонақ) мен Есенжол Дидар (№92 гимназияның оқушысы) ақының өлеңдерін мәнерлеп оқып, жеңімпаз атанып, кітапхана тарапынан сыйлық алды.

Іс-шара соңында балаларға «Қазақты оятқан қайсар ақын – Абай» кітап көрмесінің шолуы ұсынылды, оған кітап қорындағы әр жылғы Абай шығармаларының басылымдары және ол туралы әдебиеттер қойылған.

Өткізілген іс-шараға №92 гимназия, №64 және 83 ЖББОМ мектеп жанындағы лагерінің, “Mix – продлёнка” балаларға арналған ойындар мен даму орталығының, «Smart kids» ментальді арифметика білім орталығының балалары қатысты.

Comments are closed.