Кітапханаға қош келдіңіз!

Кітапханаға қош келдіңіз!

Кітапхана өз қабырғасында №3 гимназияның 7 сынып оқушыларын қуана қарсы алды. Көптеген балалар Абай атындағы балалар кітапханасына алғаш рет келді. Кітапханашылар білім ордасының барлық бөлімдеріне танысу экскурсиясын ұйымдастырып, кітапхана тарихын баяндады, жаңа кітаптармен таныстырды.

Болашақ белсенді оқырмандар үшін оқу залында қазіргі заманғы ең көп оқылған автор – Шыңғыс Айтматовтың шығармалары бойынша кітап көрмесінің шолуы өткізілді. Заманауи балалар кітапханасына барып, жаңа әсермен шабыттанған балалар қайтқылары келмей, кітаптар мен журналдарды қарап, WI-FI қызметін пайдаланды, CD-ROM-ді үйренді.

Comments are closed.