Қаңтар 8, 2020 Кітапхана ішінде саяхаттау By odb-abai inЖаңалықтар Балалар қысқы мектеп демалысы кезінде мұғалімдерімен, ата-аналарымен және достарымен кітапханаға белсенді келіп тұрады.Кітапханадағы жағымды атмосфера, интеллектуалды «кеңістік» бірінші рет келген оқырмандарды қызықтырып, тартады. Кітапханашылар кітапханаға келген оқырмандарға ең қызықты, тартымды кітаптарды, жаңа басылымдарды көрсетеді, жаңартылған көрмелермен таныстырады, кітапхана қызметтері, іс-шаралар түрлерінің әртүрлілігі туралы әңгімелеп, кітапханаға деген қызығушылықтарын оятады, үйірмелер мен клубтарға шақырады. Кітапханада 8 қаңтарда №91 ОБМ мектептің 7-сынып оқушылары «Кітапхана шақырады…» атты таныстыру саяхатын жасады.