Кітапхана шақырады…

Кітапхана шақырады…

Кітапхана қызметкерлері ақпан айының 25-і күні №9-шы гимназияның 9 «А» сынып оқушылары үшін «Кітапхана шақырады…» атты экскурсия сабағын өткізді. Балалар кітапхананың тарихымен, оқу залдарымен, пайдалану ережелерімен, бөлім ерекшеліктерімен, ақпараттық ресурстарымен және электрондық қызметтерімен танысты.

Балаларды қазақтың ұлы ойшыл ақыны, аудармашы, композиторы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы – мәңгілік мирас» атты кітап көрмесі, сондай-ақ атақты шетелдік психологтардың мотивациялық кітаптары қызықтырды.

Кітапхана қызметкерлері, гимназияның оқушыларына өз оқырмандарына заманауи технологиялар мен сервистерді ұсына отырып, білім мен өзін-өзі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.

Comments are closed.