Кітапханада балалар кітабы апталығының бірінші күні балалар композиторы және ақын Людмила Мельникованың шығармашылығымен танысу күні болды.

Қарағандылық композитор Людмила Евгеньевна біздің кітапхананың бұрыннан бергі досы және көптеген әндері елге танымал оның қатысуымен кітапханада көптеген іс- шаралар өткізілді.

Л. Мельникованың туғанына 65 жыл толуын мерекелеу қарсаңында №63 ЖББОМ-тің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен және В.Ф. Потанин (Ресей) атындағы Қорған облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқырмандарымен бірлесіп «Сырлы саз сыйлаған» атты online – шығармашылық кеші өтті.

Балалар композитормен танысып, Людмила Евгеньевнаның өмірінен көптеген қызықты фактілерін білді, «Радуга детства» авторының жаңа жинағынан өлеңдер тыңдады, қатысушылар Людмила Мельникова мен Анна Савченконың орындауында «Детство», «Музыка весны», «Мамины глаза», «Фестиваль» әндерін тыңдады. Қорған қаласының И. А. Парфенова атындағы №1 балалар музыка мектебінің оқушылары композитордың «Мамочка моя» әнін орындады.

Кітапханашы Абай кітапханасының кітап қорында Л.Мельникованың авторлық кітаптарының 27 басылымы бар екенін айтты. Л. Мельникова өзінің авторлық кітаптарын сонымен қатар дискілері мен ноталық басылымдарын бірнеше жыл бұрын сыйға тартқан.

Comments are closed.