Кітапханада қонақта

Кітапханада қонақта

11 қазанда Тәттімбет атындағы өнер колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығының 1 курс студенттері біздің кітапханаға келді.

Кітапхана қызметкерлері шолу экскурсиясын жасап, студенттерді қызмет көрсету бөлімдері, «Күншуақ» зияткерлік залы және шығармашылық үйірмелері қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Бірінші курс студенттері кітапхананың тарихымен, кітапхананың заманауи жағдайымен және жабдықталуымен, ақпараттық ресурстарымен және мүмкіндіктерімен танысты.

Студенттер бөлімдермен танысу экскурсиясы барысында балалардың оқуына, жасөспірімдердің заманауи әдебиетіне қатысты көптеген сұрақтар қойды.

Кітапхананың кітап сөрелерінде ұсынылған экспонаттар мен кітаптар жас жігіттер мен қыздардың зор қызығушылықтарын тудырды. Іс-шараның соңында балалар кітапханаға жазылуға ниет білдірді, оларға оқырмандар билеті табыс етілді.

Comments are closed.