Кітапханада қонақта

Кітапханада қонақта

19 қараша күні Саран қаласының №5 облыстық ДМШ мектеп-интернатының 5-сынып оқушылары кітапханаға қонаққа келді. Бірінші рет балалар «кітап үйінің» залдары мен бөлімдерімен танысты.

Экскурсия барысында балалар кітапхананың құрылу тарихы мен оның қызметтері, кітап қоры және жаңа кітаптар туралы естіп білді.

Кітапханашы балаларға «Туған өлке, туған тарих» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Кітапханаға қонаққа келген балалар ұлы ақын Абай Құнанбаевтың портреті жанында оның өлеңдерін оқып, қызметкерлерді таң қалдырды.

Comments are closed.