«Кітапханалық өлкетану – «Туған жер» арнайы жобаны насихаттаудың факторы» семинары

«Кітапханалық өлкетану – «Туған жер» арнайы жобаны насихаттаудың факторы» семинары

2018 жылғы 20 маусымда облыстың балалар кітапханаларының үздік өлкетану іс-тәжірибесімен алмасу мақсатында Жезқазған ОКЖ С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханасының базасында «Кітапханалық өлкетану – «Туған жер» арнайы жобаны насихаттаудың факторы» көшпелі семинары өткізілді, оған Жезқазған, Ұлытау, Сәтбаев ОКЖ, Сәтбаев қаласының БЖК және мектеп кітапханалырынан 67 кітапханашы қатысты.

Семинар аясында 6 баяндама тыңдалды, 1 семинар өткізілді, өлкетану білімдерін көпшілікке танымал етудің түрлі аспектілеріне арналған бір шығармашылық кездесу ұйымдастырылды. Семинар бағдарламасында келесі баяндамалар ұсынылды: «Кітапхана өскелең буынды өлкетануға тәрбиелеудегі орталық ретінде: Жезқазған ОКЖ тәжірибесінен», «Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асырудың негізгі тұжырымдамалық тәсілдері», «Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өлкетану білімдеріндамыту мақсатындағы әлеуметтік серіктестік», «Мектеп кітапханасындағы өлкетану», «Балалар әдебиет өлкетану қорының өзегіі», «Өлкетану жұмысы: ізденіс, инновациялар: Сәтбаев қаласының БЖК тәжірибесінен».

Жезқазған өңірінің кітапханалары да заманауи кезеңде жас оқырмандарда облыстың, қаланың, өлкенің тарихы туралы тарихи білімнің тұрақты базасын қалыптастыруға ықпал етеді. Туған өлке әдебиетін танымал ету, поэзияға деген қызығушылыққа баулу жөніндегі семинар қатысқандардың қызығушылығын тудырды.

Жезқазған ОКЖ №9 модельді кітапхана филиалының меңгерушісі А.Т.Утебаева және оның қызметкерлері кітапхана қабырғасында «Самғатқан сан қыранды туған өлкем» өлкетану библиодәмханасын қалай өткізуге болатыны туралы практикалық тәжірибесімен бөлісті, оның барысында жергілікті авторлардың шығармаларынан үзінділер оқылды, ән шырқалды.

Семинар жұмысына №113 НОМ мектеп кітапханасының меңгерушісі К.Б. Рысбекова қатысып, мектеп жағдайында өлкетану білімінің базасы қалай қалыптасатыны туралы ақпаратты ұсынды.

Семинар аясында «Қашан үлкен боламын», «Тентек доп», «Күлші кәне балақай» кітаптарының авторы, «Астана-Бәйтерек» республикалық байқауының ІІІ орын иегері, «Балауса» республикалық байқауының «Еңбек шынықтырады» өлеңдер номинациясында ІІІ орынды жеңіп алған Ернұр Сейдахметпен шығармашылық кездесу өткізілді. Е.Сейдахмет балалық шағында оқыған кітаптары, оқуға деген сүйіспеншілікке кім баулығаны, өлеңдерді қашан жаза бастағаны, «Қазақмыс» корпорациясындағы жұмысы мен поэзияны қалай үйлестіретіні туралы әңгімелеп берді. Облыстың балалар кітапханалары қорында оның кітаптары бар, сонымен қатар автор өзінің шығармаларын www.adebiportal.kz және www.tattialma.kz сайттарында орналастырады. Әннің авторы Ернұр Сейдахмет, композиторы Әліби Абдинуров болып табылатын «Балаларға арналған әндер жинағы» дискісінің таныстырылымы өте қызықты өтті. Жас ақын таныстырылымнан кейін қолтаңбасымен екі дискіні семинар ұйымдастырушыларына сыйлыққа берді.

Кітапханашылар «Рухани жаңғыру-ұлт жаңғыруы» кітап көрмесінің тұсаукесері барысында өлке тарихы, әдебиеті туралы жаңа кітаптармен, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптармен танысты. Жүргізушілер басты назарды жергілікті авторлардың басылымдарына аударған. Қуаныштысы, «Ұлытау кітапханасы» сериясымен жарыққа шыққан 12 томдық кітап біздің кітапханаға сыйлыққа берілді.

Семинар соңында Жезқазған ОКЖ басшысы Ғ.Ө.Түгелбаева мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Б.К.Уатаева қорытындысын жасап, семинар барысында кәсіби идеялармен алмасу жүзеге асырылғанын, «Туған жер» арнайы жобасы аясында балалар кітапханаларының өлкетану бағытындағы одан арғы қызметін ынталандыратынын атап өтті.

Кітапхана мамандары семинардан алған білімдерінің жоғары ақпараттылығын және тәжірибелік маңыздылығын, тәжірибе алмасуда және кәсіби құзыреттілігін арттыру осындай кездесулердің қажеттілігін атап өтті (Семинардың бағдарламасы).

Comments are closed.