Кітаппен балалық шақ

Кітаппен балалық шақ

Қазан айының 16 жұлдызы күні «№87 НОМ» -тің әкімшілігі «Бастауыш мектеп апталығы» күнін өткізді. Апталықтың бір күні балалар кітабы күніне арналған. Осы айтулы іс-шараға мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері арнайы барып, 2-4 сыныптың оқушыларын біздің кітапхананың тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Балалар кітаптарының Қазақстандық және Әлемдік авторларының шығармалары бойынша “Своя игра” интеллектуалды ойыны өткізілді.

Сондай-ақ балалар қазіргі заманғы балалар әдебиетінің әлеміне үлкен қызығушылықпен қарап, кітапхана қорындағы жаңа форматтағы: панорамалық, танымдық, 3D және т.б. жаңа кітаптармен танысты.

 

Comments are closed.