Кітапты сүйіспеншілікпен сыйлаңыздар

Кітапты сүйіспеншілікпен сыйлаңыздар

2012 жылдан бастап Кітапты сыйлыққа тартудың халықаралық күні атап өтіледі. Оған жыл сайын Қазақстанды қосқанда, әлемнің 30-дан астам елінің халқы қатысады.

14 ақпанда балалар оқуын қолдауға және біздің қаламызда кітапты сыйлыққа тарту дәстүрін жандандыруға біздің серіктестеріміз – «Орман» ЖШС (Кудайбергенов Б.О.), «Кітап үйі Ермеков» (Ибраева Б.К.), «Цой А. А.» ЖК кітап сататын фирмалары өз үлестерін қосты, олар біздің кітапханаға тамаша кітаптарды сыйлыққа тартты.

Бүл күні кітапхана тірек – қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп – интернаттың тәрбиеленушілері үшін «Кітапты сүйіспеншілікпен сыйлаңыздар «Дарите книги с любовью» шағын акциясын өткізді.

Осы күні біздің кішкентай оқырмандарымыз да ескерусіз қалған жоқ, Анна мен Эмма Вайстар, Темирлан Бейсембинов және тағы басқалары әркездегі ең жақсы сыйлық – кітапты сыйға алды.

Comments are closed.