Композитор А. Затаевичтің 150-жылдағына

Композитор А. Затаевичтің 150-жылдағына

23 мамырда Қарағанды облыстық тірек-қимыл қозғалысы аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері, А.Байтұрсынұлы атындағы №41 гимназияның оқушыларының қатысуымен «Қазақтың музыкалық мұрасын жинаушы» әдеби-музыкалық кеші өткізілді.

№2 балалар музыка мектебі оқушыларының орындауындағы «Дайдидау», «Харарау», «Илигай», «Шыңболаттың шындық туралы толғауы» музыкалық шығармалар кештің сәнін келтірді.

Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының педагогы Әлжанова Әйгерім композитор, этнограф, музыканттың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. Балалар Затаевичтің дала ақындарының әуендерін жинап, нотаға жазғанын білді, оның «Қырғыз (қазақ) музыкасын жинаушының жазбалары» ғалым-музыкатанушының өсиеті мен батасы болып қалды.

Іс-шара соңында кітапханашы қазақ халық шығармашылығының туындыларын жинаушы туралы кітаптар мен мақалалармен таныстырды.

Comments are closed.