Конституция күні

Конституция күні

Кітапханамызда 21 тамыз күні Конституция күніне арналған «Ата заңым аялайды елімді» атты құқықтық сабақ өткізілді. Іс-шараға «Бәйтерек» шипажайында емалушы балалар қатысты.

Кітапханашы Ж. Зейкенова балаларға ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі, Конституцияның негізгі ережелері, азаматтардың құқықтары туралы айтып берді.

Сондай-ақ балалар командалық ойын-викторинаға белсене қатысты. «Айбынды Ата Заң» атты бейне роликті тамашалап, «Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қай жылы қабылданды?», «Заң дегеніміз не?», «ҚР Конститутциясы неше баптан, неше бөлімнен тұрады?» деген тақырыптағы сұрақтарға нақты жауап берді. «Бейбітшілік әлем тілегі» атты презентация балалар назарына ұсынылды. «Қазақстан Республикасының Конституциясы» тақырыбында әзірленген әр түрлі танымдық сұрақтарға жауап берді.

Кеш соңында «Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы» бейнематериалымен және кітап көрмесіне шолу жасалды.

Comments are closed.