“Латын әліпбиі – жаңа көшке бастар керуен басы”

“Латын әліпбиі – жаңа көшке бастар керуен басы”

Кітапханада Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Латын әліпбиі – жаңа көшке бастар керуен басы» атты ойын-сабағы өткізілді.

Өткізілетін іс-шараның мақсаты – қазақ тілін кирилицадан латын қарпіне көшіруді түсіндіру және латын тілінде жазу дағдыларына үйрету. Кітапхана тарапынан өткізілетін ойын нысанындағы іс-шара балалардың жаңа әліпбиге оңай бейімделуіне мүмкіндік береді.

Шара барысында балаларға «Латынша жазып үйренеміз» атты ойын ойнатылып, тақтаға латын әліпбиін қолдана отырып сөздерді жазып үйренуге дағдыланды.

Comments are closed.