«Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі»

«Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі»

Наурыз айының 19 күні кітапхана қызметкерлері қазақ тілін латын қарпіне көшіру туралы негізгі тезистерімен «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты ақпараттық флаерлар дайындап оны тарату акциясын ұйымдастырды.

Флаерлар таратқан кезде кітапханашылар қала тұрғындары мен қонақтарынан латын әліпбиі туралы олардың не білетіні, латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстан қандай мүмкіндіктерге ие болатыны туралы түсіндірді. Латын әліпбиі әлемдегі жетекші орынға ие, өйткені оны планетаның 4 миллиардтан астам тұрғыны пайдаланады. Қазақ тілі латын әліпбиіне көшу барысында Интернетте көрініс табу мүмкіндігіне ие болып, үйрену үшін қолжетімді болады және біздің азаматтарымызға шет тілдерін меңгеруге көмектеседі. Ал ең бастысы, Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа жылдам ықпалдасуға қабілетті болады.

Кітапханашылар қала тұрғындарына 40-дан астам флаерлерді таратып, алдағы қазақ тіліндегі өзгерістер туралы қала тұрғындарының пікірлерін білді.

Comments are closed.