«Өлеңім – Қарағандым» мәнерлеп оқу байқауы

«Өлеңім – Қарағандым» мәнерлеп оқу байқауы

2019 жылғы 28 наурызда Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қарағанды қаласының 85-жылдығына арналған «Өлеңім – Қарағандым. Город мой – Караганда» атты қала мектептері оқушылары арасындағы әдеби мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.

2019 жыл Қазақстандағы жастар жылы деп жарияланды. Бұл байқау өзінің туған қаласы Қарағанды туралы лириалық шығармалар жазатын дарынды жастарды қолдау және Қарағанды облысының жас авторларының, дарынды балалардың шығармашылығын кеңінен танымал ету мақсатында ұйымдастырылды.

Қазіргі заманғы жасөспірімдер мен жастардың поэзияға, ақын-жазушылардың шығармаларына деген қызығушылығын дамыту; әдеби және көркем талғамды тәрбиелеу; аудитория алдында сөз сөйлеу дағдыларын дамыту; балалар арасындағы үздік оқырмандарды анықтау, оларға өздерінің дарынын көрсету мүмкіндігін беру басымды міндет болып табылады.

Балалардың өнерін бағалаған қазылар алқасының құрамына «Қарағанды облысының балалар және жастар одағы» ЖҚБ төрағасы Жомарт Сүлейменұлы Әбішев; ақын, жуналист Наталия Ивановна Морозова (Инжевская); ақын, журналист Жәлел Қуандықұлы Шалқар кірді.

Байқауға қатысқандар келесі екі номинация бойынша өнер көрсетті:

– «Авторлық оқылым» – Қарағанды туралы өзі шығарған поэзиялық шығармасын жатқа оқу,

– «Қарағанды туралы жас қарағандылық ақынның өлеңін оқу».

«Авторлық оқылым» номинациясының жеңімпаздары:

I орын – Мартынов Владислав пен Рымбаев Руслан «Поэтический диалог Владислава и Руслана о Караганде» шығармасымен ( «Альтер» еркін даму мектебі, 10 сынып);

II орын – Магамадова Диана «Караганда – любимый город» шығармасымен («Альтер» еркін даму мектебі, 5 сынып);

III орын – Құрмансеитов Серік «Киелі Қарағанды» шығармасымен, «№1 білім инновациялық лицей».

«Қарағанды туралы жас қарағандылық ақынның өлеңін оқу» номинациясының жеңімпаздары:

I орын – Шаметова Сабина «Мой город» шығармасымен (№21 НМ, 7 сынып), авторы Горбунов Максим;

II орын – Рымбек Нұргүл «Қарағанды аялдама» шығармасымен (Тірек – қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған Қарағанды облыстық мектеп-интернат, 10 сынып), авторы Бекежанов Айтуар;

III орын – Меженина Мария «Моя Караганда» шығармасымен (№17 ЖОББМ, 11 сынып), авторы Савинов Вячеслав.
Номинация жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқауға қатысқандардың барлығына сертификат берілді.

Байқауда жеңімпаз болған авторлық шығармалар 2019 жылы «Қауырсын қалам» кітапханалық альманахта жарыққа шығады.

Comments are closed.