Өлең жазам қауырсын қаламыммен

Өлең жазам қауырсын қаламыммен

Қаңтар айының 31 күні «Қауырсын қалам» жас шығармашыл жеткіншектердің басын қосып, талаптарын ұштай түсетін әдеби клубының кезекті отырысы «Өлең жазам қауырсын қаламыммен» тақырыбында өтті.

Осы отырыста клуб мүшелері жаңадан қосылған оқушылармен толыға түсті. Оқушылар өздерінің қалам тербеп жүрген «Абайға арнау», «Киелі Қарағанды» атты өлеңдерімен және «Туған жер» поэмасымен бөлісе отырып, биылғы «Жастар жылына» деген көзқарастарын, өз ойларын ортаға салды.

Және де «мен қазір оқып жүрмін…» атты сауалмен өздерінің қазіргі таңда оқып жүрген шығармаларының мазмұнымен бөлісті.

Отырыс соңында «Қауырсын қалам №1» альманағында өлеңдері жарық көрген оқушыларға альманахтары таратылды.

Comments are closed.