Наурыз 26, 2021 Бояулар әлеміне саяхат By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханадағы «Балалар кітабы апталығының» екінші күні кітапхана оқырмандары мен №3 гимназияның 3 сынып оқушылары үшін суретші – дизайнер Герасим Ивановтың дизайн – минимализм бойынша «Бояулар әлеміне саяхат» атты шеберлік-сыныбы өтті. Г. Иванов дизайн мен минимализм туралы ойымен бөлісті, балалардың түстерді таңдау, пішіндердің жұмысы туралы сұрақтарына жауап берді. Балалар суретшінің кеңесі мен айтқанын тыңдай отырып, үш – төрт түсті қолдана отырып, көктем және күз көріністеріне бояды. Сондай – ақ, балалар дизайн – минимализм стилінде тек үй-жайлар ғана емес, сонымен қатар оны баспа басылымдар-кітаптар, журналдар, газеттер, буклеттер безендіру кезінде де қолдануға болатыны туралы білді.