№97, 93, 1, 95,45 мектеп-гимназияларының 6-8 сынып оқушылары 16 мамырда сағат 15.00-де Кеншілердің мәдениет сарайының Ғұрыптық залында «Табысқа жету формуласы» бенефис-шоу жобасының аясындағы  диалог алаңында Қарағанды облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық мәслихаттың тұрғындарды әлеуметтік-мәдени дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, «НұрОтан» партиясының мүшесі Лилия Павловна Мухутдиновамен кездесті.

Сонымен қатар, Лилия Павловна Абай қаласының № 10 мектеп-гимназиясының директоры болып табылады. Тәжірибелі педагог және дана басшы мазмұнды да тартымды әңгімесімен балалардың отбасы, мансап, балалық шақ, мектеп формасы,  отбасылық дәстүрлер туралы сұрақтарына жауап берді.  «Сіздің мектептің оқушыларына үш сөзбен сипаттама беріңізші» деген өтінішке Қонақ өз оқушыларын «ақылдылар, тентектер және спортшылар»  деп сипаттады.

Балалар Қонақтың орындауындағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қайғылы оқиғаларға арналған Андрей Дементьевтің «Хатынь қоңыраулары» өлеңін тыңдады.

Лилия Павловна «Қандай үш кітап Сіздің дүниетанымыңызға әсерін тигізді?» деген сұраққа балаларға Ким Костенконың «Бұл Краснодонда болды» деректі повесін, А.Фадеевтің «Жас гвардия» романын, В.Кавериннің «Екі капитан» шытырманға толы романын оқуды ұсынды.

«ЖҰЛДЫЗҒА теңескенше оқы» кітап көрмесінде балалардың танысуы үшін қазіргі заманғы балалар кітаптары, ал «Балалық шағымның кітаптары» тақырыптық сөресінде 50-60 жылдары басылып шыққан Қонақтың оқыған кітаптары ұсынылды.
Алаңда 29 сұрақ қойылып, барлық сұрақтарға жауап алынды. Мектеп кезіндегі алғашқы махаббат туралы сұрақ құрметті Қонақ үшін ең қызықты сұрақ болды. Осы сұрақ үшін депутаттың естелік сыйлығын – хрусталь қоңыраушаны  №95 гимназияның 7 «Б» сыныбының оқушысы Владислав Куковский алды.