Балалардың жазғы демалыстарын қызықты да көңілді өткізу үшін кітапханада жаз айларында «Жаз. Балалар. Кітап» атты ұзақмерзімді жоба жұмыс жасайды. Жоба аясында аптаның әр дүйсенбісі ұлттық мәдениет күніне арналады. Бірінші мәдениет күні асық ойнап үйренуге арналды.
Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары және «Гвоздичка» балабақшасының бүлдіршіндері асық ойынының көптеген: «Ханталапай», «Бес асық», «Асықты тігіп ойнау» түрлерін ойнап үйренді. Олар уақытты қызықты өткізді.
Әсіресе жаз мезгілінде балалардың сүйіп ойнайтын ойыны – асық. Жүргізуші ойынның шығу тарихын, Орта Азиядағы ең көп таралған ойындардың бірі екенін, асықты әртүрлі түске де бояуға болатынын, салмағына, өлшеміне қарай әртүрлі атаулары барын, бұрыңғы хан-сұлтандардың балаларының «сақасына» алтын құйылғанын әңгімелеп берді.

IMG_3547
IMG_3568
IMG_3623
IMG_3629
IMG_3634
IMG_3636
IMG_3637
IMG_3647
IMG_3658
IMG_3671