МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ «КӨКСЕРЕК» ШЫҒАРМАСЫНА 95 ЖЫЛ

Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) – қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор.
«Көксерек» – адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. Авторы – Мұхтар Әуезов. Бұл әңгіме 1928 жылы жазылған. Реалистік әдебиет дәстүрді тудырған мотивтерді шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма.
Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Адам қолында өскен, бірақ адамға қиянат еткен, оның ет-бауырын езіп, жара салған көкжал сол адам қолынан өлім тапты. Образды ой символдық ойға, әуенді сарын үлкен идеяға ұласып, сахара топырағындағы шындықты қанық бояу, айқын колоритпен бейнелеген «Көксерек» бір әдебиет шеңберінен биіктеп көтеріліп, әлемдік жауһарлар қатарына қосылған.
Кітапхана қорында әр жылдары жарыққа шыққан 70 данадан астам «Көксерек» кітабы сақталған.
Әуезов, Мұхтар. Көксерек [Мәтін] = Серый Лютый = Fierce Grey / М. Әуезов ; құраст. Д. Түркенбаева . – Алматы : Жеті жарғы, 1997. – 112 б.