Марат Бисенғалиевтің «Жетістік формуласы»

Марат Бисенғалиевтің «Жетістік формуласы»

10 қыркүйекте «Жетістік формуласы» тележобасының кезекті түсірілімі болды. Қала мектептерінің музыкаға құштар балалары саусағынан бал тамған қазақстандық скрипкашы, шебер Марат Бисенғалиевпен диалог өткізді.
Өзіндік қайталанбас ойын стилі бар Марат Бисенғалиев ойнаудың бай техникасы мен жарқын эмоция сыйлауды шебер меңгерген. Оны британдық «The Times» газеті «brilliant violin soloist», ал американдық «Fanfare» журналы қазіргі заманғы Изаи деп атады.
Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап қонақ өзінің атақтарды ұнатпайтынын атап өтіп, салиқалы жасына қарамастан, өзін жай ғана «Марат» деп атауды өтінді.
Бағдарламаның кейіпкері үшін музыка оның өміріндегі ең мәндісі болып шықты. Ол бала кезінен өзінің бүкіл өмірі сахнамен және скрипкада ойнаумен байланысты болатынына сенімді болды. Отбасы жас скрипкашының бастамасын үнемі қолдап отырған.
Бүгінгі күні Марат Бисенғалиев Үндістан тарихындағы алғашқы кәсіби симфониялық оркестрдің негізін қалаған әлемге танымал тұлға, AAPRO (Азия-Тынық мұхиты өңірінің симфониялық оркестрлері альянсы) директорларының бірі болып табылады, өзінің шеберлігі мен жаңашыл идеялары үшін көптеген марапаттарға ие.
Қонақ студиядағы балаларға Мәскеу консерваториясында оқып жүргенде қандай қиындықтарға тап болғаны, Колумбия бойынша жасаған ұмытылмас саяхаты, өзінің «До… Ре…» мен «Ми…Фа…» кітаптары мен өміріндегі белгілі бір ынталандыру болған бала кездегі арманы – «Мерседес» автобилі туралы әңгімелеп берді.
Балаларды классикалық музыканы орындаудағы жаңа технологиялар туралы әңгіме қызықтырды. Марат қосымша шынайылық беретін VR-дулыға жасап, арнайы бағдарлама әзірлеген. VR-дулыға студенттердің симфониялық концерт атмосферасына енуіне көмектеседі. Марат Сәметұлы квадродыбысты қолдана отырып, «Миссия на Марс»концерттік бағдарламасын ұсынған. Ол классикалық музыканы ұсынудың жаңа формулаларын үнемі ізденуде.
Бағдарлама қонағы балаларға өз уақытында мамандыққа айналып, жетістікке жеткізетін хобби табуларына кеңес берді. Марат Бисенғалиев: «Өмір – зебра, сондықтан биікте самғап, одан құлауды абыроймен өтуді үйрену қажет», – деді.
Марат Бисенғалиевті өзіндік ерекшелігі қалыптасқан, шығармашылығында батыл, тәжірибе мен жаңашылдыққа қабілетті, өмірлік энергияға толы музыкант және дирижер ретінде толығымен сипаттауға болады.
Қонақ бағдарлама соңында ең қызықты сұрақтар қойған балаларға музыкалық шығармалары жинақталған CD-дискілерді сыйға тартты.
Кездесу дәстүрлі түрде кітап сыйлығымен аяқталды. Басты кейіпкерге ұйымдастырушылардан Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» кітабы мен жетістіктің белгісі «Жетістік формуласы» естелік кәдесыйы берілді.

IMG_4848
IMG_4840
IMG_4858
IMG_4844

Comments are closed.